Site icon Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы" ШЖҚ МКК

ЖАС МАМАН — ЕЛ ҮМІТІ

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында білімді, білікті жас мамандардың қатары артып келеді. Солардың бірі — жас дәрігер Мұқажанов Ильяс Рашидұлы.
Ильяс Рашидұлы медицина саласына деген қызығушылығын ерте жастан қалыптастырған. Алғашында медициналық колледжді тәмамдап, еңбек жолын Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный яр кентіндегі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында бастаған болатын. Жас маман ретінде тәжірибе жинақтай жүріп, кәсіби білімін жетілдіру қажеттігін терең түсінді.
Өз мамандығына деген жауапкершілік пен үлкен мақсат оны жоғары медициналық білім алуға жетеледі. Осы арман жолында ол 2017 жылы Астана қаласындағы медицина университетіне оқуға түсіп, алты жыл бойы табанды еңбек пен ізденістің нәтижесінде 2024 жылы оқу орнын ойдағыдай аяқтады.
Бүгінде Ильяс Рашидұлы туған өңіріне оралып, Красный яр кентіндегі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында дәрігер ретінде халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бала күнгі арманына қол жеткізген жас маман өз ісіне адалдық танытып, тұрғындардың денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етуде.
Жас дәрігердің кәсіби дамуға деген ұмтылысы мен ел игілігі үшін қызмет етуге деген талпынысы — кейінгі буынға үлгі боларлық іс. Осындай білімді де жауапты мамандар ауылдық денсаулық сақтау саласының дамуына серпін берері сөзсіз.

Exit mobile version