Референдумды талқылау бойынша жиын өтті
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Серік Кәкенов пен Бауыржан Ибраев Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының ұжымымен кездесті.
Кездесудің мақсаты – жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру.
Тәжірибелі дәрігер, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM» кәсіподағының төрағасы Серік Кәкенов Конституция жобасының мазмұны мен маңыздылығына кеңінен тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
Ал Бауыржан Ибраев әділетті қоғам құру жолындағы жаңа Конституцияның рөліне ерекше мән берді.




