8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында медицина саласында аянбай еңбек етіп жүрген аяулы жандарды дәріптеуді жөн көрдік.
25 жылдан астам уақыт бойы Красный Яр ауылының алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында медбике болып еңбек етіп келе жатқан Байбатырова Анар Көпжасарқызы – өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі де білікті қызметкер.
Көкшетау медициналық колледжін тәмамдағаннан кейін ол осы салада табанды еңбек етіп, ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді.
Науқастарға мейіріммен қарап, әріптестеріне үлгі бола білген Анар Байбатырқызы өзінің жауапкершілігімен, кәсібилігімен және адамгершілік қасиеттерімен ұжымның құрметіне бөленіп жүр.
Осындай абзал жандардың еңбегі әрдайым жоғары бағалануға лайық.
Барша медицина саласының нәзік жандыларын келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасы бақыты, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
