Site icon Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы" ШЖҚ МКК

🟥Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы

🟥Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының екпе егу кабинетінің мейірбикесі Мағжанова Жансұлу Қонысбайқызы Красный Яр №1 орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында аурудың алдын алу, оның жұғу жолдары, алғашқы белгілері және дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сондай-ақ тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, иммунитетті нығайту және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің қажеттілігі түсіндірілді.

Медицина қызметкері туберкулездің алдын алуда вакцинацияның және жыл сайынғы флюорографиялық тексерудің маңызына тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – қауіпті дерттің алдын алудың негізгі жолы екені атап өтілді.

Exit mobile version