«AQNÌET» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ
Кәсіподақ – бұл азаматтардың еңбек және өндірістік-кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау үшін ерікті түрде құрылатын, мүшелігі белгіленген қоғамдық бірлестік.
Әркімнің бірігу бостандығына, соның ішінде кәсіподақтарға бірігу құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында бекітілген.
Кәсіподақтардың қызметін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер — 2014 жылғы 27 маусымдағы «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Еңбек кодексі және басқа да бірқатар заңдар.
ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 16-бабында кәсіподақтардың қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау құқығы бекітілген.
МИССИЯСЫ:
Қызметкерлердің кәсіби және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін ұжымдық қорғау.
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:
Еңбек Адамы. Біздің ең басты құндылығымыз – бұл Еңбек Адамы, оның мүддесі үшін кәсіподақ ұйымы құрылған және жұмыс істейді.
Ұжым. Біз – өзара іс-қимыл мен көмектесу, ынтымақтастық, бірлік, өзара түсіністік, мейірімділік, бір-біріміздің және тұтас ұжымның мәселелері мен қажеттіліктеріне қызығушылық қағидаттарымен әрекет ететін қоғамдық ұйымбыз.
Отбасы. Біз кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына қамқорлық жасаймыз.
Сенімділік. Біздің қызметіміз ҚР Конституциясымен, ҚР Еңбек кодексімен, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңымен қорғалған.
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің толық құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында «AQNÌET» кәсіподағы кәсіби адвокаттармен және білікті заңгерлермен, заңгерлер бірлестіктерімен, қауымдастықтарымен және одақтарымен өзара әрекеттеседі. Осыған байланысты «AQNÌET» кәсіподағы Республикалық әлеуметтік «Медициналық адвокат» жобасы аясында қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және басқа да сипаттағы мәселелерге тап болған жағдайда ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН «AQNÌET» КӘСІПОДАҒЫНА ДЕРЕУ ХАБАРЛАСУДЫ ҰСЫНАДЫ («жедел желі»: +7 (7172) 25-17-74; +7 701 199 14 14), құқық қорғау, сот органдарының, мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ жұмыс берушілермен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен қатынастарда мүдделеріңізді білдіру үшін.